Наши препараты

ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

 Шығарылым түрі: 500мг капсулалар және 1100 мг таблеткалар

Бір капсула құрамы:

Омега-3 май қышқылдары – 500 мг

Бір таблетка құрамы:

Белсенді заттектер:

Фолий қышқылы – 0,18 мг

Селен – 0,070 мг

Е дәрумені – 10 мг

Көк шай сығындысынан алынған катехиндер – 4 мг

Мия тамыры сығындысынан алынған глицирризин – 12 мг

Ямс тамырынан сығындысынан алынған диосгенин – 25 мг

Жайылмалы тернера сығындысынан алынған дамиан – 90 мг

Қосымша заттектер: магний стеараты,картоп крахмалы, натрий краскармеллоза.

Құрамбөліктердің химиялық құрамы және қасиеттері:

Омега-3 май қышқылдары тері асты майын кәдеге жарату (жағу) және бұлшықет тінін нығайту үшін қажетті энергияның өндірілуіне байланысты ағзаның алмасу процестері үшін алмастырылмайтын биоактивті қосылыстар болып табылады. Бүйрек үсті бездері мен жыныс бездерінің жұмысын реттеуге, иммундық жүйені белсендіруге қатысады. Омега - 3 майлы қышқылдар адам ағзасында өндірілмейді және сырттан ғана келіп түсуі тиіс.

Фолий қышқылы жасушаларды өндіру және бөлу, жүйке жасушаларында метаболизм, қан түзілуі үшін аса қажет. Фолаттар жасушаларды бөлуге қатысады, аминқышқылдарының және қанның формалық элементтерінің дұрыс синтезіне, имун жүйесі элементтерінің түзілуіне, сондай-ақ дұрыс метаболизмді сақтауға және әйел ағзасының фертильді функциясын және ұрықтың эмбриональды дамуын қалыптастыруға ықпал етеді.

Селен иммунитеттің нығаюына ықпал етеді, метаболизмге жақсы әсер етеді және ақуыздар, ферменттер мен гормондардың құрамдас бөлігі болып табылады. Оның әйел ағзасы үшін қажеттілігі қалқанша безінің гормондарының синтезіне қатысу және менопаузаның ерте пайда болуын баяулату болып табылады.

Е дәрумені жасушалық метаболизмнің, белоктардың биосинтезінің маңызды процестеріне, иммундық жүйенің қалыптасуына әсер ететін кең спектрге ие. Антиоксидант ретінде жасушалардың мембраналарын нығайтады, тіндердің оттегіні тұтынуына ықпал етеді. Репродуктивті жүйенің қалыпты қызметін қалыптастыруға қатысады.

Көк шай құрамында C витаминінің антиоксиданттық қасиеттерінен он есе асатын және иммунитетті арттыратын катехиндер (полифенолдар) бар. Сергітетін әсері бар, жүйке, жүрек-қантамыр жүйелеріне оң әсер етеді.

Глицирризин, сондай-ақ оның гидролизінің өнімі мия тамырының сығындысынан алынған глицирризин қышқылы жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығының секреторлық қызметін белсендіреді, көмірсу және липид алмасуын реттеуге қатысады, ағзаның қабыну процестері мен тегіс бұлшықет түйілуі зиянды әсеріне қарсы тұруын арттырады. Сондай-ақ глицирризин қышқылы табиғи фитоэстроген бола отырып, әйелдің репродуктивті жүйесінің қалыпты қызметіне қатысады.

Жабайы ямс сығындысы өсімдік стероидтары мен диосгенин түріндегі фитоэстрогендердің көп мөлшерін қамтиды. Қалыпты эстрогенді белсенділікке ие бола отырып, диосгненин әйелдің ағзасында өз жыныс гормондарын өндіруді арттырады.

Жайылмалы тернер сығындысынан алынған дамиан құрамында флавоноидтар, илік заттектер, дамианин ащысы, гликозидтер, тимол, эфир майлары(цинеол, пинен) бар. Олар ағзаға афродизиак ретінде әсер етеді: әйелдердің өз жыныстық гормондарын өндіруге әсер етеді және өздері белгілі бір дәрежеде эстрогенді белсенділікке ие.

Қолдану көрсеткіштері:

НЕОФЕРТИЛ FEMALE өсімдік-витамин кешенінің пайдалы қасиеттері оның құрамбөліктерінің әйел ағзасына  бірлесе әсер етуімен түсіндіріледі.

Қалыпты гормоналды фонды, қалыпты зат алмасуын сүйемелдеу үшін және әйел ағзасының репродуктивті (бала туу) функциясының барлық кезеңдерін органикалық қалыптастыру үшін ұсынылады. Аналық жасушалардың жетілуіне және эмбрионның имплантациясына ықпал етеді, ұрықтың даму ақаулары, дамымайтын жүктілік пен түсік пайда болу қаупі төмендейді, жүктілік кезінде асқынулардың даму қаупі төмендейді.

НЕОФЕРТИЛ FEMALE әйелдің ер адамға құштарлығын қалпына келтіруге көмектеседі, жас әйелдердің, менопауза алдындағы, климактериялық кезеңдегі әйелдердің жыныстық қалауын қалпына келтіреді, ал төсек қатынасы кезіндегі жағымды сезім неғұрлым айқын және ұзақ болады.

Жүйке, жүрек-қантамыр жүйелерінің функциясына оң әсер етеді, стресстік жағдайларда психологиялық тұрақтылықты сақтауға көмектеседі.

Сергітуші әсерге ие бола отырып, көңіл-күйді жақсартады, созылмалы шаршағыштықты, тез шаршауды жеңуге көмектеседі, ұйқыны қалыпқа келтіреді.

Қосалқы репродуктивті технологияларды (экстракорпоралдық ұрықтандыру, жатырішілік инсеминация) жүргізер алдында НЕОФЕРТИЛ FEMALE қолдану жүктіліктің басталу мүмкіндігін едәуір арттырады.

Қолдану тәсілдері:

1 капсуладан және 1 таблеткадан күніне 1 рет тамақ кезінде немесе тамақтан кейін аз мөлшердегі сумен ішу.

Таблетка әрқашан жұмсақ капсуламен бірге қабылданады.

НЕОФЕРТИЛ FEMALE болжамды жүктілікке дейін бірнеше ай бұрын қабылдауға ұсынылады.

Қарсы көрсетілімдер:

Өнім компоненттерін жеке көтере алмау, жүктілік, емшекпен емізу, сондай-ақ жыныстық жетілу жасына дейінгі қыздар.

Ерекше нұсқаулар:

Тағамға биологиялық белсенді қоспа. Дәрілік зат емес.

Жарамдылық мерзімі: 2 жыл.

Сақтау шарттары: құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.